ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Жиналыс барысында «Аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Мұсағалиева Бақтыгүл Сағидоллақызы ұйымның 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттері жайлы баяндай келе, еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты «AMANAT» партиясының бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеп келетінін және бұл ұстаным нақты істерімен дәлелденуде екендігін айтып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша партия мүшелері бір ауыздан партиялық шараларды ақпараттандыруға жауапты хатшы болып партия мүшесі Аширова Л.Қ. ұсынылды, партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегат ретінде БПҰ мүшелері Аудандық аурухана БПҰ төрағасы Н.Әмір мен Н.С.Райымкұлова делегат болып ұсынылды.