Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезекті отырыс Бидайкөл ауылында жалғасты

Кезекті отырыс Бидайкөл ауылында жалғасты


Бүгін Бидайкөл ауылдық мәдениет үйінде «Amanat» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Гигант Бастауыш партия ұйымында белгіленген кестеге сәйкес, жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Гигант» БПҰ-ның төрайымы О.Шорабаева, ұйымының 2021-2022 жылдарға атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті. Сондай –ақ алдағы кезеңге арналған міндеттері жайлы баяндай келе, күн тәртібінде мәселелерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар, төрайымы О.Шорабаева «Гигант» БПҰ 2021-2022 жылдарға атқарылған жұмыстары туралы есебі туралы қысқаша баяндама жасады. Елді мекенде түрлі іс -шараларды ұйымдастыруға,партия мүшелері белсене араласқандығын, іс -шаралар жүйелі түрде өткізілетіндігін, партия құрамындағы адам саны артып келетінін атап көрсетті. Партия мүшелері ай сайынғы жарнапұлды уақытылы төлеп отыратындығын және алдағы кезеңге арналған міндеттер жөнінде айтып өтті.
Екінші мәселе бойынша «Гигант» Бастауыш партия ұйымының төрағасын және орынбасарын, хатшысын қайта сайлау, қажет болған жағдайда «Гигант» БПҰ бюросына кандидаттар ұсыну сұралды.
Жиналысқа қатысушылар «Гигант» БПҰ төрағасын оның орынбасарын және хатшысын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды.
«Amanat» Шиелі аудандық филиалы «Гигант БПҰ –ның 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі назарға алынып және алдағы кезеңге арналған міндеттер орындалуын,
«Гигант» БПҰ –ның төрағасы және төрағаның орынбасары және БПҰ –ның Бюросы өзгеріссіз қалдырылуын,
Партиялық шараларға, оның ақпараттандыруға және әлеуметтік желіге жауапты маманын бекіту,
Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегат болып «Гигант» БПҰ-ның төрағасы О.Шорабаева, хатшысы А.Тойбек қайта сайланғанын хабарлады.




08 тамыз 2023 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

№81 (9245)

12 қазан 2024 ж.

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031