Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БПҰ-ның атқарылған жұмысы қорытындыланды

БПҰ-ның атқарылған жұмысы қорытындыланды

2021 жылдың 15 сәуірде «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының ХХХ есеп беру және сайлау конференциясы аудан әкімі Қ.А.Мүбараковтың төрағалығымен 19-23 сәуір аралығында өтетін болып белгіленген еді. Осы уақыт аралығында филиалға қарасты барлық бастауыш партия ұйымдарының есептік және сайлау жиналыс­тары БПҰ-ның аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Сыздықтың қатысуымен
онлайн форматта өтті. Жиында бастауыш партия ұйымының төрағалары екі жылда атқарған жұмыстарының есебін айтып, алдағы уақытта атқарылатын тың жоспарларымен, мақсат-міндеттерімен бөлісті. Мұнымен қоса, БПҰ-ның төрағалары мен орынбасарлары және мүшелері қайта сайланды.
Қазіргі таңда, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының 23 бастауыш партия ұйымында 5526 мүшесінен құралған 96 топ бар. Олар бекітілген жоспарға сәйкес өз міндеттерін тыңғылықты атқаруда. Айта кетейік, барлық бастауыш партия ұйымдары жеке кабинетпен және қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген.

Ақбота Баянбай
24 сәуір 2021 ж. 439 0