Партия қатары жаңа мүшелермен толықты
Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында 1 наурыз «Nur Otan» партиясының 22 жылдық мерейтойына және Алғыс айту күніне байланысты салтанатты жиын өтті.
Осы айтулы мерекеге орай жиынға аудандық мәслихат депутаты, партияның аудандық филиалына қарасты Бастауыш Партия Ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов ашып, жүргізді.

«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Мүбаракұлы «Nur Otan» партиясының құрылған күні яғни, «Партия күні» және «Алғыс айту күні» мерекесімен құттықтап, оның қысқаша тарихы мен алдағы атқарылатын міндеттері туралы баяндады.
«Nur Otan» партиясының қатары жаңа мүшелермен толығып, жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табысталды. Партияға жаңадан қабылданған азаматтардың арасында түрлі саланың өкілдері бар. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясының жұмысына белсенді араласып, өздерінің қоғамдағы белсенділігімен, іскерлігімен көзге түскен белсенді мүшелеріне «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Мүбараковтың, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Төрешованың «Алғыс» хаттары табысталды.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әбілқасымұлы сөз сөйлеп, жиынға қатысушыларға партия дамуына қосып жүрген сүбелі үлестері үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Өскен өңір» ақпарат