Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ҚҰРЫЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ҚҰРЫЛДЫ

Бүгін аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Қамбарбек Амангелдіұлы Мүбараковтың төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Күн тәртібінде филиалға қарасты 23 бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының кестесін бекіту туралы, аудандық партия филиалының кезекті XXХ есеп беру-сайлау конференциясын шақыру туралы және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалау, бақылау мақсатында қоғамдық кеңестер құру туралы үш мәселе қаралды.
Бұған дейін аудандық сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша жол картасы бекітілген болатын. Осыған орай аталған Бюро отырысында бағдарламаның нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 7 аудандық қоғамдық кеңестің төрағалары мен құрамы және жұмыс ережелер бекітілді. Кеңестердің төрағалығына партия депутаттары мен қатар жергілікті БАҚ пен ҮЕҰ өкілдері де тартылды.
Сондай-ақ қалған мәселелер бойынша да тиісті қаулылар қабылданды.
15 сәуір 2021 ж. 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031