Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия филиалы бюросының кезекті отырысы өтті!

Партия филиалы бюросының кезекті отырысы өтті!



«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ә. Оразбекұлының төрағалығымен өткен бюро отырысында бірнеше маңызды мәселе қаралап, жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қ. Мақашев «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасының «Жастарды қолдау» бағыты бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы хабарлама жасады. Сондай-ақ, Майлытоғай, Сұлутөбе, Қарғалы, Қоғалы ауылдық округтерінің әкімдері «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес» бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндады. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе 2017 жылы және 2018 жылдың қаңтар - ақпан айларында Әдеп жөніндегі кеңеспен қаралып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметтегі партия мүшелерінің тәртіптері туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары П. Маханбеттің баяндамасы тыңдалды. Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюро отырысында жасалған хабарламалар толықтай тыңдалып, мәселелер талқыланғаннан кейін тиісті қаулылар қабылданды.
27 сәуір 2018 ж. 1 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031