Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезекті кездесудегі келелі мәселелер

Кезекті кездесудегі келелі мәселелер


«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Патима Шаймерденқызының төрағалығымен партияның депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. 
Отырыстың күн тәртібінде Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіне түсіндірме беру , "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы мен бөлінген қаражаттың жұмсалуы, «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстары және фракция мүшелерінің сайлауалды бағарламасының орындалуы туралы әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, «2018 жыл Қызылорда облысы бойынша жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялауына байланысты фракция мүшелері мен аудан кәсіпкерлерінің қолдауы туралы төрт мәселе қаралды. Қорытындысында, күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, шешімдер қабылданды.
Шиелі ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасынан.
02 сәуір 2018 ж. 1 177 0