Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КОНСТИТУЦИЯ - ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ТІРЕГІ МЕН ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

КОНСТИТУЦИЯ - ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ТІРЕГІ МЕН ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ



Кез келген дамыған, өркениетті мемлекеттің берік іргетасы — оның Ата Заңы. Ата Заң — жай ғана құжат емес, ол біздің құқықтарымызды, бостандықтарымызды және ел ретіндегі ортақ құндылықтарымызды айқындайтын басты бағдар.
Кәсіби қызметімде заңнама талаптары мен құқықтық нормалармен күнделікті бетпе-бет келемін. Осы тәжірибеме сүйене отырып айтар едім: Конституция заңдылық пен әділеттіліктің берік қалқаны болуы тиіс.
Біз нені ұғынуымыз керек?
Заң сауаттылығын ұғынғанымыз жөн. Конституцияны құрметтеу мен білу — әрбір сапалы маманның және жауапты азаматтың басты міндеті.
Адам және оның құқықтарын ескеретін бірегей қағида. Ата Заңның ең басты құндылығы — Адам, оның өмірі мен құқықтары.
Болашаққа жауапкершілік негізі десем артық емес. Заң мен тәртіп сақталған жерде ғана даму, тұрақтылық және прогресс болады.
Әрқайсымыз өз ісімізде адалдық пен заңдылық принципін ұстансақ, мемлекетіміздің іргесі одан әрі беки түседі.

МАҚПАЛ ЖУСАНБАЕВА
Білім саласының маманы
21 қазан 2026 ж. 39 0