Атом саласының абыройлы мамандары

28 қыркүйек күні «Шиелі-Сұңқар» филиалының ұйымдастыруымен 28 қыркүйек - Қазақстан Республикасы атом саласы қызметкерлерінің күніне орай салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараға Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Арман Дюсембаев және «Шиелі-Сұңқар» филиалының директоры Даурен Досмаганбетов қатысып, мерекелік құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар Компанияның қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесі мен аймақта жүзеге асырып жатқан нәтижелі жұмыстарын атап өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы атом саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, кәсіби шеберлігі және мінсіз еңбегі үшін бірқатар әріптестеріміз «Қазақстанның ядролық қоғамы» Қауымдастығының I дәрежелі (алтын белгі) және III дәрежелі (қола белгі) құрметті төсбелгілерімен, сондай-ақ Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мерекеге орай жоғары кәсіби біліктілігі және атом саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлерге «KAP Logistics» ЖШС Бас директоры Дархан Болатұлы Рамазановтың Құрмет грамотасы, Алғыс хаты және Алғысы табысталды.
Сонымен қатар, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және атом саласындағы көп жылғы еңбегі үшін бірқатар әріптестерімізШиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбековтің Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік шара аясында аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, кәсіпорын жұмысшыларына әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
"Өскен өңір" ақпарат




