ШИЕЛІДЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Бүгін Шиелі ауданында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға қатысқан аудан басшысы Әшім Оразбекұлы дәрігерлерді төл мерекесімен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады.
«Адам өмірін ұзартуға септігін тигізетін ақ халатты абзал жандардың еңбектерінің өте зор екені барша жұртшылыққа мәлім. Алдағы уақытта да денсаулық сақтау ісін тиімді ұйымдастырып, халыққа көрсетіп отырған дәрігерлік көмек көлемі мен сапасын жақсартуды жоғары нәтижемен атқаратындарыңызға сенімдімін», - деді аудан әкімі Ә.Оразбекұлы.
Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Үздік дәрігер» номинациясымен 500 мың теңге сыйлықақы, сондай-ақ аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» және алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты жиын соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.
+2