Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі мейірбикелер мерекесінде

Мерейлі мейірбикелер мерекесінде

Бүгінде дәрігердің баға жетпес көмекшісі болып жүрген мейірбике қызметі маңыздылығы ерекше мамандық. Қашаннан дәрігерлер мен мейірбикелерді ізгіліктің нұрын себушілер деп атайды.
Жалпы, мейірбике ісі – ең жауап­ты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін маман иесі. Сырқаттанып, ем іздеген талайдың дертіне дауа, көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері. Осынау ізгі жандардың науқастарды емдеуде, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай-ақ. Ал, осындай маман иелеріне қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді.
Мейірбикелердің жауаптылығы мен адалдығына орай арнайы халықаралық мейірбикелер күні де белгіленген болатын. Аз-кем тарих беттеріне үңілсек, бұл халықаралық мейрамның тамыры сонау 1853 жылдан бастау алады. Әлем бойынша 1974 жылдан бастап халықаралық мейірбикелер күнін атап өту туралы шешім қабылданды. Қырым соғысы кезінде жарақат алғандарға көмек көрсету үшін қайырымдылық қызметін ұйымдастырған Флоренс Найнтингейлдің құрметіне арналған мереке күні бүгінге дейін әлемнің түкпір-түкпірінде тойланып келеді.
Аудан көлемінде де лайықты дәрежеде аталып өтті. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, ауданның бас дәрігері Я.Шорабаев, денсаулық саласының ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
Мерекелік шараның алғы сөзін алған А.Есмаханов мерейлі жандарды мерекесімен құттықтады.
– Құрметті ақ халатты абзал жандар! Баршаңызды 12 мамыр – медбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің ең көп саны мейірбикелер болып табылады. Сонымен қатар, тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда сіздердің жұмыстарыңызға байланысты, – дей келе аудан көлеміндегі осы салаға қатысты атқарылып жатқан оң істерден көпшілікті хабардар етті. Мұнан соң аудан медицинасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан сала қызметкерлері марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Әрі қарай өз әріптестерін құттықтау үшін сахнаға көтерілген Я.Шорабаев дәл осы күннің неліктен мейірбикелер күні деп аталғандығына терең тоқтала отырып, мейірбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Сонымен қатар, кейбір деректерді ортаға салды. Атап айтқанда, аталған кәсіпорында 749 яғни, қызметкерлердің 65 пайызы мейірбикелер екен. Мұнан әрі марапаттау рәсімі жалғасын тауып, бірқатар сала қызметкерлері мадақталып, ардагерлеріне гүл шоқтары ұсынылды.
Мерекелік құттықтау шарасы концерттік бағдарламаға ұласып, абзал жанды аяжандар бір сәтке болса да
аурухана алаңынан алыстады.


Дина ЖҮСІПОВА.
Суретті түсірген
Бақытжан БӘЙІМБЕТ.
19 мамыр 2018 ж. 2 955 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031