Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Ақ халатты абзал жандар!

Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Ақ халатты абзал жандар!

Құрметті медицина саласының қызметкерлері!
Ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір мемлекеттің басты байлығы – ол оның азаматтары болса, әрбір адам баласы үшін байлық та, бақыт та – денсаулық. Олай болса, медицина қызметкерлерінің кез-келген қоғамда алар орны қашанда ерекше. Әрбір азаматтың денінің сау болуы - Сіздердің ерік-жігерлеріңіздің, білімдеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев медицина саласының беделін арттыру, тиімді еңбек етуге қажетті барлық жағдайларды туғызу керектігін баса айтқан болатын. Ал, ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды.
Сіздерді Кәсіби мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, отбасында береке-бірлік, бақыт тілеймін! Халқымыздың денсаулығы мықты болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, ақ халатты абзал жандар!
Құрметпен,
Аудан әкімі Ә.Оразбекұлы




---
15 маусым 2018 ж. 5 020 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930