Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі

назым

«Еңбек – адамның көркі, адам – заманының көркі» дегендей, алтын уақыттарын денсаулық сақтау саласына арнап, адам жанының арашашысы болып жемісті еңбек етіп, халықтың жылы ықыласы мен алғысына бөленіп, заманының көркі болып жүрген медицина қызметкерлері өте көп арамызда.
Жалпы, мейірбике қызметі – өте күрделі, жауапкершілігі мол мамандық. Сондықтан, бұл қызметте рухы жоғары, шыдамды, қайырымды, кез келген уақытта көмек беруге әзір тұратын жандар ғана істей алады. Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласын сезінеді. Жаратқан Алланың пәрмені мен медицина қызметкерлерінің себепші болуы арқасында тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап, жан да тән де емделеді. Жас пен кәріге көмек қолын созып, жанын қоярға жер таппай азаптаған ауруынан айықтырып, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып, ел үшін еңбек етіп халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандарға өз алғысымды білдіремін. Өмipде құрметті мамандық болса, соның бірі әрі бірегейі – дәрігер. Ал, дәрігердің бір жағында жүріп, сырқат жанның жанына сая болуға тырысатын медбикелерге артылар жүк жеңіл емес. Оларды әркез «ақ желеңді абзал жан, адам жанының арашашысы» деп жатамыз. Қалай айтсақ та көптік етпейді. Алдына барған науқасқа мейірім төге қарап, ақыл-кеңестерін беріп жатады. Дәл сондай жанның бірі, аудандық орталық аурухананың аға мейірбикесі Назым Сейілханова.
Назым Оралбекқызы 2007-2014 жылдары Н.Бекежанов дәрігерлік амбулаториясында фельдшер болып ел алғысына бөленеді. Ал, облыс бойынша 2013 жылы «Үздік ФАП фельдшері» аталымын иеленген соң 2015 жылы аудандық емхананың аға мейірбикесі болып қызмет атқарады. Осылайша, жемісті еңбегі еленіп, ҚРДСМ Құрмет грамотасымен марапатталады. Ал, үстіміздегі жылдың сәуір айында Финляндия еліне барып, білімін шыңдап, тәжірибе жинап қайтты.
Назым Сейілханованың өзге көптеген мадақтама-марапаттары жетерлік. Бұл да болса, өз ісінің шеберіне көрсетілген құрметтің көрінісі болар.
Назым СҰЛТАНОВА.
20 мамыр 2018 ж. 1 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031