Сауатты дәрігер Сабира
Сабира Дүйсенбекова 1992 жылдың 1-қыркүйегінде Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында дүние есігін ашады. Сол ауылдың №153 Ш.Есенов атындағы мектебінде білім алып, алғыр қыз білім ордасын «Алтын белгімен» аяқтайды. Бала күнгі арманын болашағымен байланыстырып, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетіне «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығын иеленеді. Ең алғашқы еңбек жолын 2017 жылы Сұлутөбе дәрігерлік амбулаториясында жалпы тәжірибелі дәрігер маманы болып бастайды.
Ауыл тұрғыны Серікбай Кентбаев: «Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса бірінші ақ халатты абзал жан Сабира Дүйсенбековаға хабарласамыз. Медицина қызметкері деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да баршылық. Дәрігерлердің мысқылдап кірген ауруды сылып тастау үшін қаншама тер төгіп, ұйқысыз түндер өткізетінін бірі білсе, бірі білмейді» – дейді. Әрине, еңбекті адал бағалай білген кісілерге медицина қызметкерлерінің тұғыры таймас биік тұлға. Жалпы, медицина қызметкері адам өміріне жарық сәуле сыйлап, үміттің шамын жағатын жандар.
Таңғы сағат 8-де Сұлутөбе дәрігерлік амбулаториясында барлық медицина қызметкерлері 5 минуттық жиналысқа кірді. Жұмыс уақытының бір минутын да жемейтін Сабира Дүйсенбекова бүгінде өз ісіне сақадай сай. Тапсырма берілді. Халықты түрлі аурулардың алдын алу үшін скринингтен, флюрографиялық, 65 жастан асқан қарттарды профилактикалық тексеруден өткізу, туу жасындағы әйелдерді алдын-ала жүктілікке дайындау сынды күйбең тірлік басталып кетті. Науқастарды жылы шыраймен қабылдап, жандарын жақсы сөзімен емдеген бас дәрігер Сабира Сейтқанқызына емделушілер де дән риза. Ақ ниетпен тілектерін жаудырып, ұзақ ғұмыр тілеуде. Біршама істің басын қайырған дәрігер енді диспансерлік есепте тұрған науқастарға қарай жол тартты.
Жол-жөнекей жиі ауыратын балаларға соғып, жағдайын білген бас дәрігердің қырағы көзінен ешкім де тасада қалмады. Ауыл тұрғындарының хал-жағдайын бес саусақтай білетін дәрігер үшін бұл үйреншікті жағдай. «Бірінің қан қысымы жоғары, енді бірі қант диабетімен ауырады» деп санай жөнелді. Таң қалдық. Өз мамандығын сүйетін дәрігердің сөзі мен ісі үйлесім тауып, айналасына жылулық шашып тұрды. Көше бойындағы Әбсаттар қарияның үйіне тоқтап, күнделікті тексеруін жалғастырды. «Бұл кісі Паркинсон, қант диабеті ауруына шалдыққан. Жақында ота жасатқандықтан үнемі хабарласып, жағдайын біліп тұруға тырысамын» – дейді Сабира Сейтқанқызы.
Дәрігердің бір күні әлі біте қойған жоқ. Енді таусылмайтын қағаздарға зер салып, анализ қорытындыларын талдауға кірісті. Сұлутөбе ауылындағы амбулаторияда білікті мамандар жетерлік. Атап айтар болсақ, Д.Балтаев, С.Байманов, Г.Жармаханова, Ү.Жаңабаева т.б субординаторлар мен аяжандар тынымсыз еңбек етіп, ел алғысына бөленіп жүр. «Дәрігердің жақсысы дертіңе дерт қоспағаны» дейді дана халық. Расында, медицина қызметкерлері алдында халықтың денсаулығын жақсарту, бала өлімін азайту, ауру-сырқаудың алдын алу секілді міндеттер тұрады. Себебі, ұлт саулығы басты мәселе. Сондықтан, ем іздеп келген адамға кішіпейілділік танытып, жағымды әңгіме қозғаса дертін демде ұмытып кетеді. Жылы сөйлеп, түзу жүрген маманның абыройы да биік болары анық. Ендеше, адам жанын жара қылатын да, жазатын да сөз екенін естен шығармайық.
Гүлнәр Дүйсебай.