Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қымызды ең бірінші зерттеген қазақ туралы деректер табылды

Қымызды ең бірінші зерттеген қазақ туралы деректер табылды


Әміре Айтбақин – қымызды алғаш зерттеген қазақ. Ол 1896 жылы Томск император университетінде ұлттық сусынның емдік қасиеті туралы ғылыми еңбегін қорғаған. Мұны растайтын құжаттар жақында көршілес елдің мұрағатынан табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап.
Әміре Айтбақин сол кезде лауазымды қызмет атқарғанына қарамастан, 30 жасында дәрігер мамандығын игеруге бет бұрады. Осылайша Томск университетінің студенті атанып, оны үздік бітірген. Бұдан соң елге оралып, Қарқаралы уезінде ұзақ жылдар бойы дәрігер болып еңбек етеді. Сондықтан Әміре Айтбақинді көпшілік білімі, дипломы бар қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер деп те таниды. Қазір осыны дәлелдейтін құнды құжаттар Қарқаралы аудандық мұрағатында сақтаулы.
«Бұл – «Қазақ қымызының патентін кім алып қойды?» деген үлкен сұраққа жауап. Қымыздың құрамын зерттеп, ол туралы 1896 жылы кітабын шығарған – Әміре Айтбақин. Сондықтан басқа елдің қымызды меншіктеуге ешқандай құқы жоқ деп ойлаймын», - дейді Қарқаралы аудандық мемлекеттік мұрағатының басшысы Манарбек Кәрім.
29 қараша 2017 ж. 225 0

Соңғы жаңалықтар

ШИЕЛІДЕН АҚПАР:

ШИЕЛІДЕН АҚПАР:

21 қазан 2018 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (8634)

19 қазан 2018 ж.

№78 (8633)

16 қазан 2018 ж.

№77 (8632)

13 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам