Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АРМАНҒА ЖЕТУ ҮШІН НИЕТ КЕРЕК

АРМАНҒА ЖЕТУ ҮШІН НИЕТ КЕРЕК

Бала күнгі арманыңның уақыт өте орын­далатынын кім білген десеңші?! Мектеп қабырғасында жүріп «Жоғарғы оқу орнына Алматы қаласына түссем. ҚазҰУ-дің студенті атансам» деп армандаушы едім. Мақсатыма жету үшін ҰБТ-ға бар күш-жігеріммен дайындалдым. Төккен тер мен ата-анамның тілегінің қабыл болғаны болар, бәрі ойдағыдай өтіп, арманым орындалды.
Шіркін, сол емтихан тапсырып, жо­ғар­ғы балл жинаған кездегі қуанышымды сөзбен жазу мүмкін емес. Өзімнің арманыма, сүйікті университетіме бір қадам жақындағандай болдым. Жалғыз менің емес, талай түлектің арманы болған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқу мүм­кіндігі маған да бұйырыпты. Аллаға шүкір. Шынында, арман боларлықтай, атына заты сай әсем қалашық менің жүрегімді жаулап алды.
Бүгінде әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің 2-ші курс студентімін. Осы екі жылдың ішінде ҚазҰУ-ға деген махаббатым одан сайын арта түсті. Бұл оқу орнын қала ішіндегі қалашық деп атауға болады. Біздің факультетте музей ісі және ескерткіштерді қорғау, мұрағаттану-құжаттану, кітапхана ісі, тарих, археология және этнология мамандықтары бойынша кадр дайындаудағы іргелі орталық болып табылады. Сексеннен астам оқытушы факультетте бакалавр, магистр, Рһd докторларын дайындап келеді.
Факультетте сапалы біліммен қатар танымдық шаралар мен сайыстар ұйым­дастырылып тұрады. Мәселен, жақында ғана Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Латын әліпбиі – бірегейлік пен жаңғыру негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында студенттер көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, келелі ой қозғалды.
Факультет түлектері ғылым мен бі­лім беру саласында, дипломатиялық және әкімшілік жұмыстарында, қарулы күштер мен ішкі істер саласында үлкен сұранысқа ие.
Тарихы мен тағылымы мол осын­­дай оқу ордасында білім алып жат­қа­ным­ды мақтан тұтамын. Болашақта ұс­таздарымнан алған білімімді елдің көркеюіне, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуына жұмсап, бір кісідей атсалысатын боламын.

Аруна ҚАРАБАТЫРОВА,
әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің
2 курс студенті.
27 қараша 2017 ж. 1 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031