Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина мамандарының міндеті

Медицина мамандарының міндеті

«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның мәжіліс залында өткен жиында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауы сараланды. Бас дәрігер Я.Шорабаев Қазақстан халқы үшін маңыз­ды құжатта айтылған негізгі он міндетке жеке тоқталып, ұлт игілігі үшін жасалар жұмыстарды алға қойғандығын жет­кізді. «Адами капитал – жаңғыру негі­зі» деп аталған Жолдаудың жетінші ба­сымдығындағы тапсырмалар түсіндірілді. Үздік денсаулық сақтау ісін және дені сау ұлтты қалыптастыру үшін медициналық технологиялардың дамуына аса мән берген жөн. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде толықтай сандық жүйеге кө­шіп жатқандығымыз белгілі. Прези­дент Жолдауында: «Ақпараттық жүйе­лер­ді біріктіру, мобильдік цифрлық қо­сымшаларды қолдану, электрондық ден­сау­лық паспортын енгізу, «қағаз қолдан­байтын ауруханаға» көшу арқылы меди­циналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет», – делінген. Осы тапсырмаларды еңсерудегі медицина мамандарының міндеттері айтылды. Басқосу барысында психатриялық және туберкулезге қарсы күрес бөлімінің мең­герушісі, аудандық мәслихат депутаты Н.Әмір, бас дәрігердің бастапқы медициналық көмек жөніндегі орынбасары, мәслихат депутаты Қ.Шәукебаев, емхананың профилактикалық және психологиялық-әлеуметтік көмек жөніндегі бөлім меңгерушісі Г.Оразбекова тарихи құжаттағы нақты тапсырмаларға толықтай тоқталып өтті.
Бас дәрігер Я.Шорабаев халыққа көр­сетіліп жатқан медициналық көмек сапасын одан әрі арттыру және Жолдаудың жетінші басымдығындағы тапсырмаларды орындауға белсене атсалысуға шақырды.

Қ.ХАСАНОВ,
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық
орталық ауруханасы»
ШЖҚ КМК-ның заңгер маманы.
27 қаңтар 2018 ж. 2 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31