Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау


Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең
басты рухани байлығы.
Бүгінгі күні елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде: «Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік. Ел иесі қазақ халқының маңына ұйысқан барша этностар оны жоғары бағалайды» деп атап өткен болатын.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды бүгінгі достық пен бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен татулық тілеймін! Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстанның мерейі үстем, мәртебесі биік болсын!

Құрметпен,
аудан әкімі Ә.Оразбекұлы.
***
Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміздің даңғыл болашағына түскен мемлекетіміздің экономикасы қарқынды даму үстінде. Біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздік деп Елбасымыз ұлықтағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз.
Тәуелсіздігіміздің 27 жылында алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде аудан жұртшылығының да өзіндік үлесі бар. Себебі, осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз.
Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негіз бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу үстінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді.
Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін!

Игі тілекпен,
аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздық.
29 сәуір 2018 ж. 3 070 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031