Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰТТЫҚТАУ!!!

ҚҰТТЫҚТАУ!!!



Ардақты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!
Сіздерді көктемнің арайлы мерекесі – 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Кез келген мемлекеттің жеткен биігі, мәдениеті, оның әйелге деген көзқарасымен өлшенеді» деп атап көрсетуі, әйел-азаматының бүгінгі қоғамдағы ерекше орнын білдіреді. Аналар – әрқашанда ұлттың ұйытқысы, отанның киесі, татулық пен ауызбіршіліктің дәнекері.
Аналарымыз еліміздің өнегелі ұл-қыздарын тәрбиелеп, отбасының беріктігін сақтап қана қоймай, сонымен бірге түрлі саладағы кәсіби қызметтерде де жетістіктерге жетіп, әр шаңырақтың амандығына, ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне, қоғамның тұрақтылығы мен бейбітшіліктің артуына үлес қосып келеді.
Ана - қоғамның тірегі, отбасының шуағы. Тәрбиенің қайнар бұлағы. Татулық пен тыныштықтың – алтын діңгегі бола білген аяулы жан.
Ардақты аналар! Аяулы арулар!
Сіздерді осынау киелі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке-бірлік, шаңырақтарыңызға шаттық, бастарыңызға амандық тілеймін.
Әрқашанда көңілдеріңіз шат, мерейлеріңіз үстем болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Шиелі ауданының әкімі Ә.Оразбекұлы
07 наурыз 2018 ж. 2 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031