Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер кеңесінің төрайымдарымен кездесуі өтті

Әйелдер кеңесінің төрайымдарымен кездесуі өтті


«Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратында аудан әкімінің кент және ауылдық округтеріндегі әйелдер кеңесінің төрайымдарымен кездесуі өтті. Кездесуге аудандық мәслихат депутаты Палымбет Нәйла Әбілқасымқызы, «Нұр Отан» партиясының Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Маханбет Патима Шаймерденқызы, «Шиелі ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Оразымбет Шамшат Нығметқызы және ауылдық округтердегі әйелдер кеңесінің төрайымдары қатысты. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы аналар қауымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, нәзік жанды арулар-отбасының ұйытқысы, алтын бесіктің иесі дей келе, әлемнің жарығын сыйлаған барша аналарға, олардың өнегелі істерінен жастар үлгі алса деген ізгі тілегін жеткізді. Кездесуде аудандық мәслихаттың депутаты Нәйла Палымбет, Айжамал Әбдіхамитова, Тұрсын Каримова, Ұлмекен Назарбекова апаларымыз жеке-жеке сөз сөйлеп, аудан басшысына, аудандық әйелдер кеңесіне жүрекжарды лебізін мен ризашылықтарын білдірсе, Оразкүл Алтынбекова анамыз қонақтарға жыр шумақтарын арнап, әдемі әсерге бөледі. Шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ана мәртебесін көтеретін ән-жырларымен кездесу кешінің мазмұнын арттыра түсті.
27 желтоқсан 2017 ж. 2 815 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930