Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әжелер салған сазды әуен

Әжелер салған сазды әуен


Рухани құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында сейсенбі күні Бәйгеқұм ауылында «Әжелер салған сазды әуен» атты «Ақ әжем – алтын қазынам» әжелер ансамблінің мерекелік ән кеші өтті. Мерейтой иелерін аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов құттықтап, құрмет грамотасын табыстады.

          Ақ жаулықты әжелерден біріккен бұл топ 2007 жылы марқұм Зияш Бердікееваның бастауымен құрылған. Содан бері 10 жыл ішінде аудан, облыс көлеміндегі түрлі байқаулардан жүлделі орындар алып, біршама белестерді бағындырып келеді. Жас ұрпақ бойына өнер мен өнеге, салт-дәстүр мен рухани құндылықтарымызды сіңіріп, сара жол көрсетуде. Аталмыш шараға аудандық мәслихат депутаты М.Дүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оразымбет және «Шиелі ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ш.Нығметқызы, Бәйгеқұм ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Дүйсенов қатысып, ыстық ықыластарымен бөлісті. Сондай-ақ, облыстық, аудандық ардагерлер кеңесі «Ақ әжем – алтын қазынам» әжелер ансамблін арнайы марапаттап, кеш соңында өнер иелеріне сый-сияпаттарын табыстады.
Г.Дүйсебай.
14 желтоқсан 2017 ж. 2 517 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930