САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙҒА БӨЛЕНДІ
28 кыркүйек– Қазақстан атомшыларының кәсіби мерекесі. Аталмыш мереке қарсаңында аудан әкімі Н.Мақұлбеков Атом саласы қызметкерлері күніне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында сала қызметкерлерін қабылдап, облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Шараға аудандық маслихат хатшысы Т.Жағыпбаров және аудандағы уран өндіруші кәсіпорындарда қызмет ететін мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.
– Аудан уран өндіретін «РУ-6», «Семізбай-U», «Уранқуат» Шиелі филиалы, «Корган-Казатомпром Шиелі» филиалы, «СТЭМП-БС» мен «Волковгеология» акционерлік қоғамының «Оңтүстік ВГ» филиалы №23 экспедициясының кәсіпорындары жұмыс жасауда. Оларда 2 500-ден аса адам қызмет атқарады. Сонымен қатар, ауданның индустриясын дамытуда, уран өндіруде атом өнеркәсібі саласының қызметкерлері – мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын жүзеге асырудағы алатын орны ерекше екенін атап өтті. Одан бөлек, ірі өндірістік мекеменің бірі ретінде ауданның қоғамдық саяси іс-шараларына және мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіп, қайырымды істерге атсалып келесіздер, – деді аудан әкімі Н.Мақұлбеков.

Айта кетейік, 28 қыркүйек атом саласы қызметкерлерінің күні ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. 1942 жылы нақ осы күні КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті уран бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы жарлық шығарды және ғылым академиясы жанында арнайы атом ядросы зертханасын құруды мақұлдады.
Қазақстан Республикасының бұл саладағы жетекші кәсіпорны – уран және сол тектес материалдарды, сирек металдар мен атом электр стансыларына арналған ядролық отынды, арнаулы жабдықтарды, қос мақсатты материалдар мен технологияларды экспортқа шығарушы ұлттық оператор саналатын – «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» Акционерлік қоғамы.
Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы стратегиялық ынтымақтастық аясында «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық компаниясы Жапония, Ресей, Қытай, АҚШ, Канада, Франция, Корея және Бельгияның әлемдегі ең ірі компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құрып, уран мен отын беру жөніндегі келісімдерге қол жеткізген.
Қазақстандық мерекелер күнтізбесінде атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің пайда болуы саланың ел экономикасындағы маңызды рөлінің айғағы болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанның атом саласы ел экономикасының ең жоғары технологиялы, ғылымды қажет ететін және пайдасы жоғары салаларының біріне айналып отыр. Ол стратегиялық маңызы бар, негізгі салалардың бірі болып есептеледі. Атом саласының жетістіктері тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, оның болашақта лайықты орынға шығу талпынысын растайды және мұнда атом энергетикасы негізгі рөлге ие болмақ.
Сымбат Сұлтан