Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өте орынды және дұрыс шешім

Өте орынды және дұрыс шешім


Шиелі ауданы бүгінгі таңда Отанымыз Қазақстанның әлем алдында беделін жоғары көтеріп, абыройын асқақтатып, дүние жүзі бойынша уран кенішінің көлемінен екінші орын иеленуіне септігін тигізіп отырған бақуатты жер.
Бүгінде әлем дағдарысқа ұшырап, қиын кезеңде Шиелі жерінің өндірісінің дамып, әл-ауқатының артып отырғаны, біздің тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатыңыздың арқасында өркендегені белгілі.
Бір ауданымыздың өзінде әлемдік стандартқа ие пластикалық труба шығару зауыты, цемент өндіру зауыты, асфальт зауыты, қиыршық тас шығару зауыты, әк тас шығару зауыты, уран өндіру кеніштері жұмыс жасауда.
Құдайға шүкір, Нұрсұлтан Әбішұлының саясатының арқасында елімізде тыныштық пен береке орнады.
Біз, түрлі ұлттардан тұратын 1200-ден астам жұмыс жасайтын «Волковгеология» Акционерлік қоғамы «Оңтүстік ВГ» филиалы N23 экспедициясының ұжымы, Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Астана қаласының атын беру туралы ұсынысты орынды деп қабылдаймыз.
Себебі, Астананың бүгінгі келбеті, әлемге танылуы, дамуы - Тұңғыш Президентіміздің еңбегінің, ақыл-парасатының жемісі екені даусыз.
Сондықтан, Шиелі ауданында орналасқан «Волковгеология» Акционерлік қоғамы «Оңтүстік ВГ» филиалы N23 экспедициясының ұжымы Астананы «Нұр-сұлтан» деп атау жөніндегі шешімді өте орынды және дұрыс деп есептейміз және толық қолдаймыз.

Құрметпен,
«Волковгеология» Акционерлік қоғамы
«Оңтүстік ВГ» филиалы

kyzylorda-news.kz
22 наурыз 2019 ж. 1 074 0