Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Шиелі ауданының өнеркәсіп орындарында 2018 жылдың 7 айында 13 млрд. 401 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңге 100,6 пайызды құрады. 
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-конференциясында Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы мәлімдеді. 
«Бүгінгі таңда өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен жобалық құны 97,2 млрд. теңгенің 2 жобасы жүзеге асырылуда.
Атап өтер болсақ, «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты. Зауыт 2018 жылдың желтоқсан айында толық іске қосылатын болады. 
Сондай-ақ, «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Балауса Сауысқандық» кен орнындағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты. Бұл зауыт 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 259,5 млн теңгені құрайтын 58,4 тонна метованадат аммониясын Ұлыбританияға экспортқа шығарды. Аталған кен орнын «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» жобасына сәйкес жыл соңына дейін 2,5 млрд. теңгеге қаржыландыру жоспарланған»,-деді аудан әкімі Ә. Оразбекұлы.

Рысбай Нысанханов ФБ пара0шасынан
04 қыркүйек 2018 ж. 2 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930