Мерекеде мерейі үстем болғандар
28 қыркүйек Атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы мереке қарсаңында «Семізбай – U» ЖШС-нің Шиелі ауданындағы «Иіркөл» кенішінде қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
194-ке тарта адам жұмыс істейтін «Иіркөл» кенішінің жұмысшылары кәсіби мереке қарсаңында құрметке бөленді. Уран тотығын өндіріп, нағыз еңбек майданында жүретін еңбеккерлердің ісі айтуға тұрарлық. Қатаң тәртіп, санитарлы тазалық, қауіпсіздік шараларын басты назарда ұстайтын олар үшін жұмыстың жеңілі жоқ. Күні-түні бел жазбай еңбек еткен атом саласының қызметкерлері еленген бұл күн қуанышқа толы болды. Кеніш басшысы Мұқанбетжан Салқынбаев жұмысшыларды мерекесімен құттықтап, Қ.Жұмаділов, Ж.Қалымбетов, А.Атлетовтің кеудесіне төсбелгі тақты. Сонымен қатар 3 жұмысшы бас директор О.Қияқбайдың алғыс хатымен, 3 жұмысшы грамотамен және 12 жұмысшы «Иіркөл» кенішінің басшысы М.Салқынбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Аталған кеніштің басты міндеті – кен айдайтын және кері айдайтын ұңғымалар жүйесі арқылы, ұңғымен жерастына сілтілендіру тәсілімен уран тотығын өндіру болып табылады. Арнайы химиялық реагент сұйық түрде кері айдайтын ұңғымалар арқылы кен аймағына беріледі. Жер астында кен қабаты тотығады. Белгілі бір уақыттан кейін уран тотығымен байытылған ерітінді, кері айдайтын ұңғымалармен шығарылады. Уран тотығымен байытылған ерітінді әрі қарай өнімді ерітіндіні қайта өңдеу цехына жіберіледі. Міне осындай жұмыстың жүйелі жүзеге асуы жұмысшылардың өз ісіне деген жауапкершілігімен тікелей байланысты.
Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ