Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САЛҚЫНБАЕВ МҰҚАНБЕТЖАН БЕКМҰРЗАҰЛЫ №2 «Жөлек» сайлау округі бойынша «Нұр Отан» партиясынан Шиелі аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

САЛҚЫНБАЕВ МҰҚАНБЕТЖАН БЕКМҰРЗАҰЛЫ №2 «Жөлек» сайлау округі бойынша «Нұр Отан» партиясынан Шиелі аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

ӨМІРДЕРЕК
Салқынбаев Мұқанбетжан Бекмұр­заұлы 18 ақпан 1969 жылы Шиелі ауданында дүниеге келді. Бидайкөл ауылындағы №148 орта мектепті 1986 жылы үздік бітіріп, 1986-1993 жылдар аралығында В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында оқып, кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы инженері мамандығын алып шықты. Өндірістегі еңбек өтілі – 25 жыл. Білікті маман.
Еңбек жолын 1993 жылы қазан айында, Шиелі ауданындағы «Қазатом­өнер­кәсіп» ҰАК қарасты «№6 кен басқармасы» филиалының, №1 жер асты сілтілендіру кенішінің бұрғылау қондырғысының машинисі болып жұмысын бастаған. 1993-2010 жылдар аралығында осы №6 кен басқармасы ЖШС геотехнологиялық ұңғымаларды жөндеу операторынан бастап, геотехнологиялық алаң басшысының орынбасары, «Иіркөл» кенішінің геотехнологиялық алаң басшысына дейін, өзінің тындырымды, атқарған тірлігі мен білімінің арқасында мансабы көтерілді. 2011-2017 жылдар аралығында ЖШС «Семізбай-U» компаниясына шақырылып, «Семізбай» кенішінің бас инженері, директоры болып қызмет атқарды. 2017 жылдың ақпан айын­да ЖШС «Семізбай-U» «Иіркөл» филиал директоры болып тағайындалды. Мұқанбетжан Бекмұрзаұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан әлеуметтік-саяси бағдарламалар мен аудан көлеміндегі түрлі іс-шараларға белсене қатысып, Тәуелсіз еліміздің абырой-беделін арттыруға, ауданымыздың әлеуметтік дамуына өз үлесін қосып келеді. «Алтын күз», «Наурыз мейрамы», «Отан қорғаушылар күні», «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні», «Мектепке жол» акциясы, Тәуелсіздік күні және тағы да басқа бағдарламаларға белсене атсалысып келеді. М.Салқынбаев тау-кен өнеркәсібі саласын дамытуда және ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып келе жатқан азамат. 2011 жылы «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» І дәрежелі алтын төсбелгісімен марапатталды, 2012 жылы «Шапағат» мемлекеттік медалімен және Қазатомөнеркәсіп Ұлттық Атом Компаниясының «Қазатомөнеркәсіп 15 жыл» төс белгісімен марапатталды, 2013 жылы қадағалау, әлеуметтік қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төрағасының алғыс хатымен марапатталды, 2016 жылы Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойы медалімен марапатталды, 2017 жылы Ш.Есеновтың 90 жылдық мерейтойында Шиелі аудан әкімінің алғыс хатымен және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК «Қазатомөнеркәсіп 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды. 2017 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының «Семізбай-U» бастауыш партия ұйымы­ның төрағасы, «Нұр Отан» партиясы атынан №2 «Жөлек» сайлау округі бойынша Шиелі аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлікке ұсынылып отыр.

Сайлауалды бағдарламасы
Еліміздің әрбір азаматы халықтың тыныс-тіршілігімен жақсы таныс деп ойлаймын. Бүгінгі елдің жағдайы мен ондағы кезек күттірмес келелі мәселелер маған етене жақын. Өңіріміздің әлеуметтік жағдайын көтеруге және жұмыссыздық мәселесін азайтуға үлес қосу менің бас­ты мақсаттарымның бірі болып табылады. Елдің үмітін ақтау жолында бар күш-жігерімді салып, алдағы уақытта атқарылуға тиісті жұмыстар мен сайлау­алды бағдарламамды ұсынамын.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша:
– Институционалды реформалардың орындалуына үлес қосу;
– Қоғамдағы басты байлық – адам, оның заң алдындағы барлық құқықтарының сақталуына және де әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларына, көпбалалы аналарға, мүгедектерге жағдай жасауға ықпал ету;
«Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында:
– Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
– Индустриалдық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау;
– Экологиялық мәселелерді жаңаша қарауға және Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға өтуіне барынша қолдау көрсетіп, ықпал жасау;
– Ауданымызды толық газдандыру мәселесін шешуге ықпал жасау;
«Нұр Отан» партиясының 17-ші съезінде қабылданған «Қазақстан-2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы бойынша:
– Балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуына және білім беру ұйымдарында кедергісіз жағдай жасауға ықпал ету;
– Медициналық қызметтердің сапасын арттырып, бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағытында жұмыс жасау.
– Ауылдық округтерге қарасты елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бағытында жасалынып жатқан жұмыстарын жалғастыру және түбегейлі шешу.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бес институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қажыр-қайратым мен білім-біліктілігімді жұмсап, келешек үшін аянбай еңбек ету менің өмірлік қағидам болып қала бермек.
03 наурыз 2018 ж. 1 345 0