Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмір жолы өнеге

Өмір жолы өнеге


Өткенге көз жүгіртсем, ел тағ­ды­рына байланысты талай тари­хи оқи­­ғалардың куәсі болыппын. Көбі­сінің бел ортасын­да жү­ріп шама-шарқымызға қарай туған өлкемнің дамуына атсалыс­тым. 1 Май, Жөлек, Тартоғай ауылдарында, «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы сов­хозында ауыл шаруашылығы, білім, партия, кәсіподақ саласында қызмет жасадым. Құдайға шүкір, ел үшін атқарған еңбегіміз еленді. Ұстаз ретінде өмірлік сабақ берген шәкірттеріммен мақтана аламын. Тек әттеген-айы олардың кейбіреуі өмірден ерте озды.

Қазір жасым 87-ге шықты. Жастарға үлгі-өнеге болсын деп сондай бір шәкірттерімнің бірі Жақсылық Ахметов жайлы бір үзік сыр жазсам деп отырмын.
Қазір асфальтта өскен қазақтар деген бір ұғым, термин пайда болыпты. Олай деп сірә ауылдың өмірін түсінбейтін, туған тілін білмейтін, санасында салт- дәстүрдің жұрнағы жоқ жастарды айтып жатады. Мен білген Жақсылық, еңбек жолын өзінің туған ауылы «Ортақшылда» механизаторлықтан бастаған. «Сырдария» совхозында механик мамандығына тартып, партия қатарына ұсынған өзім едім, 1960 жылдардың орта шенінде. Ол кезде мен совхоздың партия ұйымының хатшысы, парторг болатынмын.
Оның еңбек жолын тағы бір еске түсіріп кетейін. «Сырдария» совхозында механизатор, Бәйгеқұм кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік оқу шебері, 1967 жылы жаңадан ашылған мал бордақылау совхозының бас инженері, 1970 жылдан «Сырдария» совхозының бас инженері, 1974 жылы Шиелі аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігінің директоры, 1980-1990 жылдары «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы совхоздың директоры, 1990 жылы аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ал, 1992 жылы аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1993 жылы аудандық кеңестің төрағасы, №6 кен басқармасы директорының орынбасары болды. 2003 жылдан бастап, №6 кен басқармасы директоры­ның кеңесшісі, одан әрі «Қазатомөнеркәсіп» АҚ «Болашақ-Шиелі» оқу орталығының директоры, ардагерлер кеңесінің төрағасы болған.
Сонымен қатар, Қызылорда облыстық мәс­лихат депутаты, республикалық аза­мат­тық партиясы, Шиелі аудандық ұйы­мының төрағасы сияқты қоғамдық жұмыстарды қоса атқарды. 2008 жылдың 25-26 қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды.
Қарап отырсаңыз Жақсылық бүкіл өмірін туған еліне арнаған азамат екен. Осы қызмет жасаған жерлерінде оның артында тек жақсы сөздер қалды. Халық: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», – дейді. Сол жақсылықты жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрек болуы керек. Ал, осы қасиеттердің бар­лығы Жақсылықтың бойынан табылды. Жакеңнің әзілдерінің өзі бір кітап. Егер оның бойындағы барлық адамгершілік қасиеттерін, жасаған жақсы істерін, еңбек жолын суреттейтін кітап жазылса келешек ұрпаққа өнеге болатын мықты туынды шығар еді.
Әбдікәрім Аманқұлов,
еңбек ардагері.
06 ақпан 2018 ж. 2 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930