Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деген болатын. Осыған орай жер-жерлерде есімі елге үлгі боларлық азаматтар ұлықталып, бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі етілуде. Сондай игі бастамалардың бірі – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудандық мәдениет үйінде орын алды.
Облысымыз бойынша 10 ғасыр адамы болса, оның 5-еуінің кіндік қаны Шиелі өңірінде тамғанын әрдайым мақтанышпен айтып жүреміз. Туған жері үшін аянбай тер төгіп, болашақ ұрпағы үшін от пен су кешуден тайынбаған сол ардақты азаматтарымыздың бірі – Мұстафа Шоқай. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудандық Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде М.Шоқай туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді.
Деректі фильмде Ақмешіт қаласында дүниеге келген қазақ ойшылы, ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері М.Шоқай туралы көптеген мағлұматтар берілді. Өнегелі өмір жолы қатысушы жастарға үлгі болды. Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов жастарға «Сіздердің барлықтарыңыз арыс­тай азаматтарымыздың өмір жолын жетік біліп, соларға қарап бой түзеулеріңіз керек», – деді. Сонымен қатар, деректі фильмнің жарыққа шығуына атсалысқан Докторхан Тұрлыбекке, демеушілік жасаған М.Шоқайдың жерлесі, алматылық белгілі кәсіпкер Дамир Үсеновке, деректі фильмнің түсірілуіне өзіндік үлес қосқан Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев пен Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлына алғысын жеткізді.
Елбасы Н.Назарбаев: «Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген», – деген еді. Деректі фильмді тамашалаған әр жас ендігі жерде М.Шоқай бабалары туралы біліп, ғасыр адамына қарай бой түзеп, елі үшін күрескен ерін ешқашан ұмытпайтын болады деген сенімдеміз.

Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 509 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031