ЕЛУ ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ АМАНАТТЫҢ СЫРЫ
Тарихқа сәл шегініс жасасақ. Аудандық «Өскен өңір» газетінің 1967 жылғы 6 қазандағы №134 санында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ғафур Мұхамеджанов Совет елінің даңққа бөленген 50 жылдық өміріне шолу жасады. Азамат соғысының ардагері Перепелкин, Ұлы Отан соғысына қатысушы Байжанов, ұлдары соғыста қаза тапқан аналар атынан Нижегородова, әкелерінен айрылған ұл-қыздар атынан Аманжолов, жас ұрпақ атынан пионер Қасқабаевалар сөз сөйледі делінсе, Отан соғысына қатысушы Мырзахметов кейінгі ұрпаққа арналып жазылған хатты оқып, тұғыртастың ішіне салыпты.
Аға буын өкілдерінің осы бір тұғыртасқа не жазып, нені аманат етіп қалдырғаны көпшіліктің көңіліне қызығушылық тудырды. Әсіресе, осыдан бірнеше ай бұрын басылым бетіне жарияланған мақаладан соң «қашан ашылу салтанаты болады? Хаттың ішінде не туралы айтылды екен?» деп сұраушылар көбейді.
Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, еңбек ардагерлері Р.Мауяұлы мен С.Аманжолов сөз алды. Одан соң аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Әбдіқадыров тұғыртастан шыққан аманатты көпшілікке таныстырды. «Құрметті біздің ұрпақтар!» деп басталатын хатта екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қиындықтар, оған ауданнан 4 мыңға жуық сарбаз аттанғанын, соғыс аяқталған соң 2 мыңға жуық шаңырақ жақынынан айырылғанын баяндаған. «Мұндай ауыр естеліктер енді қайталанбасын! Құрметті біздің балаларымыз, немере, шөберелеріміз! Біз «Бейбіт ұлт» үшін қолымыздан келгеннің барлығын, тіпті, мүмкін емес нәрселерді де жасауға дайынбыз. Ұрпақтарымыз бейбіт заманда өмір сүріп, аспандары ашық болса екен. Еліміз күн санап көркейіп, бақытты сәбилер дүниеге келе берсін!» деп тілек білдірген. Хаттың соңында аудандық атқару комитетінің хатшысы М.Нартаев деп жазылған. Сондай-ақ, дәл сол кездегі аудандағы білім, мәдениет ошақтары, қызмет көрсету орындары мен денсаулық сақтау ұйымдары жайлы мәлімет келтірілген.
«Кеңес дәуірі кезінде 7-ші қарашада жұрттың барлығы көшеге шығып, мәз-мейрам болып, мерекені тойлап жататын. Қазан төңкерісінің 50 жылдығына орай Кеңес үкіметінің түкпір-түкпірінде мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылатын. Біздің ауданда да ұйымдастырылған шараның басы-қасында ауданымыздың аяулы азамты Дүйсенбі Смайлов жүрді. Осы обелискіге болашақ ұрпақ үшін хат жазу идеясын да көтерген сол Дүйсенбі ағамыз деді. Біз ішімізден «Елу жылдан кейін кім бар, кім жоқ?» деген едік. Қарап отырсақ біздің Дүйсенбі көреген азамат екен ғой» – деп еске алды осы оқиғаның куәгерлері.
Осылайша бұдан 50 жыл бұрынғы аға буын өкілдері аманатының сыры ашылды. Тарихи жәдігерді ауданның «Құрметті азаматы» Киікбай Смайлұлы аудандық тарихи өлкетану мұражайына табыстады.
«Өскен өңір» ақпарат.