Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ТАНЫҒАН" ЕҢБЕК АДАМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

"ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ТАНЫҒАН" ЕҢБЕК АДАМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Авангард» бастауыш партия ұйымына қарасты «Төңкеріс» партиялық тобының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай еңбек адамдарын дәріптеу мақсатында «Еңбегімен ел таныған» атты кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты — жұмысшы мамандықтарын насихаттау, еңбек адамына деген құрметті арттыру және жас ұрпақты еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Шараға ауылшаруашылығы саласында жұмыс жасаған еңбек адамдары қатысты. Тоқсейтов Қуандық өз ісінің шебері ретінде «Төңкеріс» колхозында механик, кейін трактор бригадасының бригадирі болып жемісті еңбек етеді. 1983 жылдан 2007 жылға дейін өндіріс бригадирі қызметін абыроймен атқарып, ауыл шаруашылығының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Тоқсейтов Қуандық– еңбек жолын ел игілігіне арнап, өнегелі өмірімен кейінгі ұрпаққа үлгі болған азамат.

Әділбаев Құрмаш — саналы ғұмырын ауыл еңбегіне арнап, маңдай терімен ел құрметіне бөленген еңбек ардагері. 1970 жылы Лениннің 100 жылдық мерейтойлық медалімен, Еңбек даңқы орденімен, III дәрежелі Даңқ орденімен және Ыбырай Жақаев атындағы орденмен марапатталған. Ал 1975 жылы астық өндірудегі жоғары көрсеткіші үшін «Москвич-412» автокөлігімен марапатталған. Өмірін адал еңбекпен өрнектеген, ауылдың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан.

Арыстанов Әсемхан – өмірін адал еңбекпен өрнектеп, ел құрметіне бөленген азамат. Ол – ауыл мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан, еңбекқор жан. 2021 жылдан бері бау-бақша егіп, ауыл өміріне өз тынысын, өз еңбегінің жемісін қосып жүрген еңбекқор азамат. Арыстанов Асемхан Базарғалиұлы – еңбегімен елге үлгі болған абзал жан.

Көпеев Бауыржан – туған жерінің өркендеуі үшін аянбай еңбек етіп жүрген іскер азамат, ауыл шаруашылығы саласының үздігі. 1995–2002 жылдары «Жаңа Төңкеріс» серіктестігінде күрішші болып еңбек етеді. 2003–2007 жылдары «Қаптағай К» серіктестігінде есепші, ал 2007–2014 жылдары бригадир қызметтерін атқарып, тәжірибелі маман, ұжымға сыйлы азамат ретінде танылды. 2004–2009 жылдары «Мирас» халықаралық мемлекеттік университетінде жоғары білім алып, кәсіби біліктілігін арттырды. 2015 жылдың 16 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін «Төңкеріс К» шаруа қожалығының төрағасы қызметін атқарып келеді. Өмірін ел игілігіне арнаған, еңбегімен елге сыйлы азамат.

Кездесу барысында ауылшаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып жүрген ардақты еңбеккерлер өз тәжірибелерімен, еңбек жолындағы қызықты сәттерімен, адал еңбектің маңызы және жастарға арналған ақыл-кеңестерімен бөлісті. Жиын соңында аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі болатын еңбек адамдарына ризашылығын білдіріп, партия тарапынан алғыс пен сый – сияпат табыстады.  Еңбек – елдің тірегі, қоғамның дамуына серпін беретін негізгі күш. Адал еңбек – абыройдың бастауы. Мұндай кездесулер еңбек адамына деген құрметті арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға жол ашады.


07 қараша 2025 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9351)

04 қараша 2025 ж.

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930