Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: АСҚАР ТАУ - ӘКЕ, ҰСТАЗ - ҰЛЫ ТҰЛҒА

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: АСҚАР ТАУ - ӘКЕ, ҰСТАЗ - ҰЛЫ ТҰЛҒА

"AMANAT " партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты "Мәдениет үйі " БПҰ-ның ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында мектеп бітіруші түлектер, ардагер ұстаздардың қатысуымен "Асқар тау – Әке, Ұстаз – Ұлы тұлға" атты тағылымды жиын өткізілді. Кездесуге білім саласында еңбек еткен ардагер ұстаздар қатысып, жас түлектерге ақ батасын берді.
Шараны партия филиалының атқарушы хатшысы Баймұратова Жібек Орынбайқызы ашып, түлектермен, ардагер ұстаздармен пікір алмасты.
Іс-шараның мақсаты – отбасы мен білім беру саласындағы рухани құндылықтарды дәріптеу, әке мен ұстаздың қоғамдағы рөлін ұлықтау, жас түлектерге өмірлік бағдар беру, үлкенге құрмет пен кішіге өнеге көрсету. Жиын барысында ардагер ұстаздар мен қадірлі әкелер жастарға ақыл-кеңестерін айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жиын соңында партия атынан ардагер ұстаздарға сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
11 маусым 2025 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (9309)

10 маусым 2025 ж.

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30