Ардагер ұстаздарға ілтипат
Әрбір адам болашағының бақытты, келешегінің кемел болуы үшін сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, тәуелсіз еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде мұғалімнің орны ерекше. Өйткені, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздар қауымы. Сондықтан, мұғалімдер күні – қоғамдағы орны бөлек ең ұлық мерекелердің бірі. салтанатты шара «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының мәжіліс залында өтті.
Шарада аудан әкімі Ә.Оразбекұлы ардагер ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім беру саласында аянбай еңбек еткен қарттарды марқайтып тастады.
Осы ретте, сала ардагерлеріне сый-сияпат көрсетіліп, әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күйдің көрігін одан әрі аша түсті. Бір-бірімен замандас, әріптес болған ардагерлер әңгімелесіп, өткен шақтарын еске алып, кейінгі жас ұстаздарға өздерінің еңбек жолдарынан үлгі боларлықтай естеліктер, тілектер айтып бір жасап қалды.
Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» деуі бекерден-бекер емес. Бұл ардагер ұстаздардың қоғамдағы орнын айшықтайтын баға, ұстазға деген халқымыздың құрметі. Осылайша, қазан айының алғашқы аптасы елімізде ұстаздарды ұлықтау, олардың ерен еңбектерін алғыс айтумен өтеді.
Ж.Ноғайбайқызы.