Ұстаздарға құрмет көрсетілді
Қазан айының алғашқы жексенбісі ұстаздардың төл мерекесі. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірттерінің жүрегіне гүл егетін бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар. Ұстаз – таудан сарқырай аққан мөлдір бұлақ сияқты айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді кәусарымен нәрлендіретін ақылдың тозбайтұғын асылы, қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Айтулы мерекеге орай Нұр Отан партиясының ғимаратында ардагер ұстаздарды құттықтау шарасы өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Нұр отан» партиясы ұйымдастырған шараға саналы ғұмырын білім саласына арнаған шәкірттерін білім шыңына бастаған озық ойлы ардагер ұстаздар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов ардагер ұстаздарды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ф.Маханбет сөз сөйлеп, ұстаздарға сый-сияпат табыстады. Шара соңында әсем ән айтылып, ұстаздар көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне тарқасты.
«Өскен өңір» ақпарат