Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрмет төрінде – ұстаздар

Құрмет төрінде – ұстаздар


Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мұғалімдер мерекесіне орай аудандағы ардагер ұстаздарды қабылдады.
Мерекелік кездесуге 90 жастағы Жанаева Бақыт Әбдіқалыққызы, 80 жастағы Қалдыбекова Үміт және Досанов Әділхан Пірманұлы, 75 жастағы Сәрсенов Әлімбек Найманбайұлы, Мун Людмила Васильевна тағы басқа қуанышы мен үміті көп білім беру саласында көп жылдар еңбек етіп, ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін ақ батасын беріп, елдің тілеуін тілеп жүрген ардагер ұстаздар қатысты.
Білім күші құдіретті. Ол бар жерде әр елдің даму үрдісі үздіксіз жүріп тұрады. Білім мен ғылымның арқасында өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Адам баласы да өмірде өз орнын білім арқылы табады. Ұстаздың қоғам мен адамзат алдындағы еңбегі өлшеусіз. Жас ұрпақтың тәрбиесі мен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін, – деді ардагер ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтаған аудан басшысы Әшім Оразбекұлы.
Сонымен қатар, ардагер ұстаздарға арнайы дайындаған мерекелік ән шашу ұсынылып, 10 ардагерге аудан әкімдігі тарапынан сый-сияпаттар жасалды.
Кездесу соңында марапатталған ардагер ұстаздар қауымы аудан басшысына алғысын білдірді.
"Өскен өңір" ақпарат
06 қазан 2018 ж. 1 059 0