Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас мамандар түлеп ұшты

Жас мамандар түлеп ұшты


Тәуелсіз елдің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кірудегі басты шарттарының бірі – заман талабына сай келетін мамандарды дайындау болып табылатыны сөзсіз.
Жаңа мазмұндағы индустриялық-инновациялық бағыты
бойынша, аймақ экономикасының жұмысшы мамандарға деген сұранысына сәйкес, ауылшаруашылық техникалық және тау-кен бағытында мамандар даярлауда. Өндірістік жағынан өркендеп, экономиканың дамуына өз үлесін қосып келе жатқан аудандағы 60 жылдық тарихы бар Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде жас мамандарға диплом берілді.
Аталмыш шарада бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсіміне аудан басшысы, мәслихат депутаттары, ішкі сая­­сат бөлімі, мекеме басшылары, ардагер ұстаздар, ата-аналар, білім алушы студенттер қатысты. Шараны аудан әкімі Ә. Оразбекұлы ашып, бітіруші жас мамандарды мерекелерімен құттықтады. Жас мамандарға салтанатты түрде үздік диплом иегерлері №2 «Аспаз» оқу тобының білім алушысы Ж.Мейірбекова мен №99 «Бұрғылау қондырғысының машинсті» оқу тобының білім алушысы Р.Сыздыққа табыстаса, бірқатар білім алушыларға мамандықтарына сәйкес дипломдарын табыс етті. Шара барысында колледж қабырғасынан Ұлбала Алтайбаева, Заһира Ержанова, Шырынкүл Қазанбаева, Жадыра Таспамбетова да білім алғандықтары жөнінде әңгіме өрбіді.
Бүгінде оқу орнында 10 мамандық бойынша 480 білім алушы дәріс алып отыр. 2017-2018 оқу жылында 189 бітіруші түлектің, 2-уі үздік диплом иегері атанды. Сондай-ақ, 25 білім алушы Отан алдындағы борышын өтеуде. Колледж директоры М.Дүйсенов егемен еліміздің айбынын асқақтатар, үкілі үмітін ақтар жалынды жастардың қатары көбейе беруін, айқара ашылған сан тарау жолдың баспалдақтарымен жоғары өрлеп, биіктеуде жас мамандардың қанаттары талмауын тіледі. Мұнан соң жиында саналы тәрбие бере білген ұстаздар қауымын алғыс хаттармен марапаттады. Өндірістік тәжірибе кезінде білімімен көзге түскен 30-ға жуық бітіруші түлектерге әлеуметтік серіктестіктер мен мекеме басшылары тарапынан жолдамалардың табыс етілуі еңбек майданына алғаш араласқалы отырған жастарға қуаныш сыйлады. Білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға бітіруші түлек А.Алтынходжаев пен ата-аналар атынан Д.Әшімханова ізгі тілектерін білдірді. Мерекелік жиын, білім ордасының өнерпаздары ұйымдастырған ән-шашумен өз мәресіне жетті.

Жұлдызай
Қауғанбаева.
01 шілде 2018 ж. 1 674 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930