Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жерге ту тікпек

Туған жерге ту тікпек

Ресейде білім алып жатқан 452 сырбойылық түлектердің алғашқы легі елге оралмақ. Биыл 75 бітіруші түлек шілде айында диплом алып, оның 62-сі туған жерге келіп қызмет жасайды деп күтілуде. Ал, қалған 13 бітіруші Мәскеу болат және қорытпалар институтында магистратура оқуын жалғастыратын болады.
ІТ-технология қарыштаған кезеңде білікті де білімді мамандар ауадай қажет. Білім көкжиегін кеңейтіп шет елде білім алмасқан жастар туған жерге ту тігіп, әлеуетімізді арттырады. Жас мамандарды жұмыспен қамту да ойластырылған. Облыс әкімі Қ.Көшербаев түлектерді құттықтап, баспана мәселесін шешуді сөз етті. Сондай-ақ, «КазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясына 11 жас маман, Шиелі ауданында құрылысы аяқталуға жақын «Гежуба Шиелі Цемент» зауытына 8 адам және «СКЗ-U» ЖШС, Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты, «Кристалл менеджмент» ЖШС, «Абзал және К» ТС, «Қызылорда жарығы» холдингі жас мамандарға қызығушылық танытып отыр. Ел асып, білім алған студенттер қатарындағы шиелілік жастар да бар. Алдағы уақытта сандық жүйеге негізделген біршама істің басынан осы мамандар бой көрсетеді деп сенеміз.

Г.ДҮЙСЕБАЙ.
26 маусым 2018 ж. 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930