Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қ.Көшербаев: "Мектеп түлектерінің 97 пайызы ЖОО мен арнаулы білім ордаларына түсуімен мақтанамын"

Қ.Көшербаев: "Мектеп түлектерінің 97 пайызы ЖОО мен арнаулы білім ордаларына түсуімен мақтанамын"

 Облыс әкімі Қ.Көшербаев кезекті есеп беру барысында білім саласында атқарылып жатқан біршама жобалардың қолға алынып жатқандығын айтты. Сондай-ақ, 2017 жылы ҰБТ 82,4 балдық көрсеткішті құрағанын және мектеп бітіруші түлектердің 97 пайызы ЖОО мен арнаулы білім ордаларына түскендігімен мақтанатынын тілге тиек етті. Ал, "Серпін" бағдарламасымен 400 бала білім алуда. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы Үкіметінің грантымен Мәскеу және Санкт-Петербургтегі үздік техникалық жоғарғы оқу орындарында 2014 жылдан бері оқитын 452 қызылордалықтың алғашқы 65 түлегі алдағы жазда өңірге оралады.
«Оларды түгелімен жұмыспен қамтуды ойластырып отырмыз. Қазіргі таңда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы тиісті жұмыс жасауда.  Ал, осы жылдан бастап тағы 20 грантты М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті «Киберқауіпсіздік» және «Процестерді математикалық моделдеу» мамандықтары бойынша жыл сайын бөлетін болады. Сонымен қатар, Татарстанның Президентімен жыл сайын 20 адамды (өңір есебінен) ақпараттық және цифрлық технологиялар бойынша Иннополис университетінде оқыту туралы келісім бар» , - деді аймақ басшысы.
Одан бөлек, аймақта «Microsoft» компаниясымен бірлесіп кадр әзірлеу басталды. Мәскеу қаласындағы «Сколково» жаңа технологиялар орталығымен серіктестік мүмкіндігі туды.
14 ақпан 2018 ж. 1 099 0