Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан жастарымен кездесу жиыны

Аудан жастарымен кездесу жиыны


Аудандық ардагерлер үйінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын кеңінен насихаттау және Мәскеу қаласындағы Ұлттық технологиялық зерттеу университетінің (4 курс) бітіруші түлегі Сұлтанмұрат Бауыржанұлының аудан жастарымен кездесу жиыны өтті.
Кездесуді «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Маманова ашып жүргізді.
Кездесуде Сұлтанмұрат Бауыржанұлы биылғы жолдаудағы басым тұсы Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында Мәскеу қаласындағы Автоматизация технических процесов мамандығы бойынша білім алып жатқандығын және облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың тікелей қолдап жатқандығын айтты. 
Өзінің мектепшілік 10 сынып оқушысы кезінде оқушылар арасында өткен олимпиядада Лондон қаласындағы жолдама жеңіп алып, шынайы арманның орындалғандығын айтып өзіне қызықтыра білді. 
Студенттік кезеңдегі білім берудің жаңаша мазмұнын, көптеген қызықты сәттерін кездесуге келген жастармен бөлісіп өтті. 
Сонымен қатар Ресейдегі білім берудің Қазақстанмен салыстырғандағы ерекшеліктерін айтты. 
Жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жақсы жауаптар ала білді. 
Жиын соңы естелік суретке түсумен жалғасты
29 қаңтар 2018 ж. 1 320 0