Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРИХЫ ТЕРЕҢ БІЛІМ ОРДАСЫНА 90 ЖЫЛ

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ БІЛІМ ОРДАСЫНА 90 ЖЫЛ

Арал ауданындағы Арал индустириалды-техникалық колледжінің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті.Сонау 1927 жылы балық аулау артельдері жанынан осы кәсіп саласына керек жұмысшы-мамандарға алғашқы біліктілікті үйрету негізінде құрылған оқу орны күні бүгінге дейін он алты мыңнан астам түрлі мамандық иелерін тәрбиелеп шығарған. Осынау ұзақ ғұмырлы білім ордасының өткен белестері де Қазақстан тарихымен тікелей тағдырлас. Кеңес үкіметі тұсында ГПТУ-4 атауына ие айтулы оқу орны кейінгі жылдары №4 кәсіптік-техникалық мектеп, №16 кәсіптік мектеп, кәсіптік-лицей деп аталып келсе, 2012 жылы «Арал индустриалды-техникалық колледжі» дәрежесіне дейін көтерілді. Жаңа статусқа ие болған колледж бүгінде «Ағаш ұстасы», «Электргазымен дәнекерлеуші», «Байланыс құрастырушысы», «Тігінші», «Құрылыс шебері» секілді өзге де мамандықтар бойынша орта және орталау мектеп бітірген жастарды оқуға қабылдап, білікті кадр етіп шығаруда. Оның ішінде, еңбек нарығында дайындалатын мамандарға деген сұранысты ескере отырып, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын, оқу-әдістемелік кешенін заманауи талаптарға сәйкес нығайтып, оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау және серіктес ұйымдар мен потенциалды жұмыс берушілермен байланыс орнатуда жаңаша жұмыстың үлгісін көрсетіп жүрген колледждің еңбегі ерен. Осы орайда, сындарлы шақтарды бастан өткеріп, бүгінде келешегі зор салалардың дамуына орай мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау , қайта даярлау және біліктілікті көтеруде нағыз ұстаханаға айналған білім ордасының торқалы мерейтойы жоғары деңгейде өткізілді.
Нақтырақ айтқанда, мерейтойды атап өту Арал индустриалды-техникалық колледжінен бастау алып, шараға аудан басшысы М.Оразбаев, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымова, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Р.Байназарова, аудандық мәслихат хатшысы және облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіптік білім беру саласының ардагерлері, әлеуметтік серіктестер мен облыс аумағындағы 13 кәсіптік-техникалық бағыттағы колледждердің директорлары, БАҚ өкілдері арнайы қатысты. 
Мерейлі мерейтойда бас қосқандар шара барысында колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, шәкірттердің дәрістеріне және тігінші, балық өңдеуші мамандардың жұмыстарына куә болды. Сонымен қатар, өткен тарихтан сыр шерткен мұражайды тамашалап, «Кәсіптік көкжиегін кеңейткен білім ұясы» атты кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысты.
12 ақпан 2018 ж. 2 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930