АРДАГЕР АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ
Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу - қанымызға сіңген үрдіс. Әрі мұндай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері мол. Осындай ұлағатты істердің бірі аудан әкімі Әшім Оразбекұлы еңбек ардагерлерінің отбасыларына барып, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Ең алдымен Социалистік Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаеваның отбасына барған аудан басшысы тоқсан сегіз жастағы еңбек ардагеріне сый-құрмет көрсетті.
Мұнан соң ауданымыздың ғасыр жасаған 103 жастағы Нұрғалиева Бибіажар, ауданның Бибі-Патымасы атанған Мәміреева Ұлман, ұлағатты ұстаз еңбек ардагері Кәрімбаева Төлтай, Жәукебаева Күлжан, Нұрманова Күлмарал, тағы басқа ардагер аналармен жүздесіп, аудан басшысы құттықтауымен сый-құрметін тарту етті.
Құрметке бөленген ардагер аналар ізгілікті мұраттаған аудан басшыларына ризашылықтарын айтып, ынтымағы жарасқан Тәуелсіз елдің алар асуы мол екендігіне сенім білдірді.
Шиелі Ауданы Әкімдігі фейсбуг парақшасынан алынды