ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АНАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Кеше аудандық мәдениет үйінің кіші залында аудан әкімі Ә.Оразбекұлы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай бір топ ардагер аналар мен ауданның дамуына үлестерін қосқан белсенді әйелдер қауымын салтанатты түрде қабылдады.
Көктемнің шуақты мерекесіне арналған жарқын кездесуге келген Ұлман Мәмірейқызының торқалы 94 - жасқа толған туған күнімен аудан басшысы құттықтап сый-құрмет көрсетті.
Мерекеде аналарды қабылдап жатқан аудан басшысына қыз-келіншектердің аттарынан аналық алғысын білдірген Ұлман апа Еліміздің тыныштығын, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың саясатын іске асыруда еңбектеріңіз еселей берсін-деп ақ батасын берді.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған жарқын кездесу соңында аудан басшысы барша қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етіп, естелік суретке түсті.