Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек ардагерлерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Еңбек ардагерлерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады



Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу - қанымызға сіңген үрдіс. Әрі мұндай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері мол. Бүгін аудан әкімі Әшім Оразбекұлы еңбек ардагерлерінің отбасыларына барып, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Ең алдымен Социалистік Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаеваның отбасына барған аудан басшысы тоқсан сегіз жастағы еңбек ардагеріне сый-құрмет көрсетті. 
Мұнан соң ұлағатты ана Мәміреева Ұлман, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Жәукебаева Бибіжан, ұлағатты ұстаз еңбек ардагері Кәрімбаева Төлтай, Жетпісбаев Тұңғышбай, Дүйсенов Еламан тағы басқа еңбек ардагерлермен жүздесіп, аудан басшысы құттықтауымен сый-құрметін тарту етті.
Құрметке бөленген еңбек ардагерлері ізгілікті мұраттаған аудан басшыларына ризашылықтарын айтып, ынтымағы жарасқан елдің алар асуы мол екендігіне сенім білдірді.
17 желтоқсан 2017 ж. 2 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930