Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз – әлем тәрбиешісі

Ұстаз – әлем тәрбиешісі


Ұстаз балаларға ең бас­ты жəне ең қымбат байлық – білімді береді. Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ол құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тəрбиелейді. Ұлағаттың басшысын да, данасын да ұстаз тəрбиелейді. Өмір сыйлаған аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тəрбиелейтін ұстаздарды солай ардақтауға міндеттіміз» – деген. Расымен де, мұғалімдердің ұрпақ тəрбиесіндегі еңбектері өлшеммен саналмайды. Қазіргі заманда елдің бəсекеге қабілеттілігі осы білім жүйесімен есептелген уақытта білім ошақтардың бірі №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейде ұстаздар күніне орай, «Ұстазым, ұлағатым, ұлы есімің...» атты мерекелік кеш өткізді.
Мерекелік шараға 8-11-сынып оқушылары, мұғалімдер, мектеп-лицейде еңбек еткен ардагер ұстаздар қатысты. Шарада ардагер ұстаздардың өнегелі өмірлерінен «Ұстаз – әлем тәрбиешісі» мен «Ардагер ұстаздар еңбегі – бізге үлгілі» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Мектеп-лицей директоры Сәлима Төлесқызы ұстаздарды, кеш қонақтарын мерейлі мерекемен құттықтап, ұстаздықтың мәртебесі, қиындығы мен қызықшылығы туралы жылы лебізін білдірді.
Шара барысында №41 мектеп директоры Айгүл Болатбекова ауданымызға белгілі ардагер ұстаз Сәулебай Аймахановқа «Ұлт ұстазы» медалін табыстады. Сонымен қатар, ардагер-ұстаздарға кәсіподақ комитеті мен ата-аналар комитетінің тарапынан сый-сияпат көрсетілді. Аудандағы іргелі, тарихы терең білім ордасына айналып, үздік шәкірттер дайындап, аудан абыройын асқақтатып келеді.

Ж.Қауғанбаева.
09 қазан 2018 ж. 1 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930