ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Жуырда «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Ақмая ауылдық округінің әкімдігі, «Авангард» бастауыш партия ұйымының қолдауымен еңбектің қадірін арттыратын жылға орай «Еңбегімен ел таныған» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Кездесуге партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, Ақмая ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Бейсенбаев, №49 орта мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы Қуаныш Маралұлы, «Ақмая» шаруа қожалығының күріш бригадирі Гүлсім Дәрібаева, Жастар ресурстық орталығының директоры Ержан Әбдешов, «Жастар Рухы» жастар қанаты аудандық бөлімше басшысы Азамат Қали, «Мансап» орталығының қызметкерлері және ауыл жастары қатысты.
Басқосуда партия филиалының Атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова ауылда еңбек етіп, ауыл шаруашылығын дамыту арқылы ауданның, аймақтың дамуына лайықты үлес қосып жүрген еңбек адамдарына шынайы алғысын жеткізді. Күн-түн демей еңбек етіп, ел қамбасын алтын дәнге толтырып жатқан күрішші-механизаторлардың жұмысына табыс тіледі. Ал күрішші-механизаторлар халқының аты да, даңқы да адал еңбекпен шыққан берекелі ауылда еңбек етуді зор мақтаныш санайтынын айтып, алдағы уақытта да ауылдың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қоса беретінін атап өтті.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған кездесуді қорытындылаған «AMANAT» партиясының Шиелі аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова партияның бірқатар белсенді азаматтарын партия филиалының атынан Алғыс хатпен марапаттады.
«Өскен өңір» ақпарат