Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯ ҚАТАРЫ БІРҚАТАР АЗАМАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ БІРҚАТАР АЗАМАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгінде билік пен халық арасында алтын көпірге айналған "AMANAT" партиясы «Партия күні» және «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті. Салтанатты жиынға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Баймұратова, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, партия ардагері П.Маханбет, филиал қызметкерлері, бастауыш партия ұйымы төрағалары мен хатшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Партия күніне орай ұйымдастырылған шарада атқарушы хатшысы Ж.Баймұратова партия мүшелерін "Алғыс айту" күнімен құттықтап, барша партияластарға алғысын білдірді.
Мереке қарсаңында бірқатар азаматтар партия қатарын толықтырып, төсбелгі мен партиялық билет салтанатты түрде табысталды.
Жиын соңында «AMANAT» партиясының жұмысына белсенді араласып, өздерінің қоғамдық жұмыста іскерлігімен көзге түскен бірқатар бастауыш партия ұйымының төрағалары мен белсенділер алғыс хатпен марапатталды.
28 ақпан 2025 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031