Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "AMANAT": КӨШПЕЛІ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

"AMANAT": КӨШПЕЛІ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ


Бүгін Ақтоған ауылдық округінде "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен көшпелі мобильді қабылдау өтті.

Қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, "AMANAT" партиясы Шиелі филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, партия филиалы жанындағы фракция жетекшісі, мәслихат депутаты Дихан Әубәкіров және сала мамандары қатысып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

Мобильді қабылдауға келген тұрғындар тұрақты жұмыспен қамту, спорт кешенін салу, ауыз су және электр жарығы мәселелеріне байланысты өтініштерін білдірді.

Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, тұрғындарға заң аясында шешілуіне жұмыс жасалатыны туралы айтылды.

Көтерілген мәселелердің орындалуы "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының бақылауында болады. Мәселелеріне қарай аудандық мекемелерге жолданады.
27 тамыз 2025 ж. 1 060 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031