
Шиелі аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, фракция жетекшісі Қазбек Шаукебаев және депутаттық фракция мүшелері қатысты. Отырысқа арнайы «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Баймұратова Жібек Орынбайқызы, аудандық мәслихат төрағасы Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы қатысты. Депутаттық фракция отырысында бекітілген күн тәртібіне сәйкес, Шиелі ауданы бойынша көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әшірбеков Мұрат Шайтмағанбетұлы хабарлама жасады. Отырыс барысында күн тәртібі бойынша депутаттық фракция мүшелері ұсыныс-пікірлерін айтып, талқыланды. Фракция отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешім қабылданды.