ЖОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫНА АРНАЛҒАН ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Отырысқа облыстық партия филиалының фракция мүшесі Дәулет Жұмбеков, аудандық партия филиалының төрағасы Болат Сыздық, аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының фракция мүшелері және бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты.
Жиынға төрағалық еткен фракция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тұрабаев Президенттің бұл Жолдауы – көптің көкейінде жүрген сауалдар, халықтың ойында жүрген мәселелер мен ұсыныстарының жиынтығынан туындаған маңызды құжат екендігін жеткізді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының мән-маңызы айрықша, арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейтінін, ауқымы кең, мазмұны бөлек екеніне тоқталды.
Сондай-ақ, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Маратжан Жұмаділ, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков, Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Алмас Әбілпатта және Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Еркеғали Әбдірахманов жолдау аясында салалары бойынша атқарылатын жұмыстар барысын кеңінен атап өтті.
Отырысты қорытындылаған филиал төрағасы Б. Сыздық Жолдаудың өзектілігі мен қазіргі таңдағы көптеген маңызды мәселелерді шешуге бағдар беретін бағдарлама екенін айта келе, фракция отырысына қатысушыларды Жолдауды іске асыруда белсенділік танытуға шақырды.