ШИЕЛІДЕ ПАРТИЯ АКТИВІ ӨТТІ
Бүгін «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлының төрағалығымен аудандық партия активінің отырысы өтті.
Актив отырысына аудандық Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихаттағы партия фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партиялық топ жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жолдауы талқыланып, маңызды бірқатар міндеттерді негізге ала отырып, 5 негізгі бағдардың бағыттары айтылды.
БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.
ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
Аудандық партия активінің отысында алдымен аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы жолдаудың әр бағдарына қысқаша тоқталып, хабарлама жасады.
Келесі мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, фракция мүшелері Патима Маханбет, Қалмырза Қасымов, Насырбек Мырзабеков, Гүлзира Жаңабаева, Ербол Жеңсікбаев, Саяси кеңес мүшелері және БПҰ төрағалары өз пікірлерін білдіріп, жолдаудың басым – бағыттарына тоқталды.
Сондай-ақ, филиалдың атқарушы хатшы Сыздық Болат Мүбаракұлы партияластарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықтың мүддесін қорғау және адамдарға лайықты жағдай жасау, оның құқықтары мен еркіндігін қорғау, жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған жолдауын қолдауға, партияны жаңғырту жұмыстарын онан әрі де бірлесе де белсенді атқаруға шақырды.