Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КОНФЕРЕНЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОНФЕРЕНЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс XLVIII - (48) конференциясы өтті. Конференция жұмысына аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Б.Сыздық, Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Д. Жұмбеков, сонымен қатар, конференция жұмысына аудандық партия филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросы мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен белсенділері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция жетекшісі мен мүшелері, Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және жастар өкілдері қатысты.  Конференцияның күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды:
1. «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы;
2. «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының құрамына өзгерістер енгізу туралы;
3. «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің лауазымына кандидат ұсыну туралы.

Конференция жұмысын партияның аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық жүргізіп отырды. Конференция жұмысында күн тәртібіндегі үш мәселе толық қаралып, қатысқан делегаттардың ашық дауыс беруі нәтижесінде Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің лауазымына кандидат ретінде Әбжапбаров Дәулет Сейітқалиұлы ұсынылды. Ұсынылған кандидат аудандық сайлау комиссиясында тіркеуден өтеді. Жалпы конференцияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

20 наурыз 2025 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930